АБАЙ ЭТИКАСЫНЫҢ ГУМАНИЗМІ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Асия Мамырбекова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Array
  • Қанат Оралбек С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Array

DOI:

https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.05

Кілт сөздер:

мәдениет, руханият, жаңғыру, этика, гуманизм, толық адам, адамгершілік, қоғамдық сана

Аңдатпа

Мақалада қоғамдық сананы жаңғырту және мәдениеттің жаңғыруы жағдайында қазіргі қазақстандық қоғамдағы руханияттың жағдайы мен болашағы қарастырылады. Руханият халықтың әлеуметтік-мәдени кодының негізгі қағидаларының бірі ретінде тарихи өткеннен бастау алады. Болашаққа шынайы көзқараспен қарау үшін мәдени мұрадан мағынаны қалыптастырушы әлеуметтік-мәдени құндылықтарды алу қажет.
Абай философиясының ізденістерінде гуманизм моральдық ұғым ретінде танылып отыр. Абайдың адамгершілік ілімдерінің негізі - қазақ халқының рухани құндылықтарында, салт-дәстүрлерінде, ауызша халық шығармашылықтарында және Ұлы Дала ойшылдарының еңбектерінде сақталған.
Мақалада Абай этикасының гуманизмі - шынайы адамгершілікті анықтаудың бір түрі, адам болмысының мағыналық дәрежесінің көрсеткіші екендігі баса айтылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-28

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ