ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Авторлар

  • Дархан Наурузбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Array
  • Жақыпбек Алтаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Array
  • Айымжан Рыскиева Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті Array

DOI:

https://doi.org/10.48010/2023.2/1999-5849.11

Кілт сөздер:

Құтты білік, Жүсіп Баласағұн, Қарахан дәуірі, түркі-ислам философиясы, саяси көшбасшылық, Даналық (Wisdom)

Аңдатпа

Түркістан топырағында Қарахан дәуірінде (840-1212) жазылған түркі ойшылы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» (Құтадғу билиг) атты көрнекті шығармасы түркі халықтарының тарихындағы маңызды саяси және терең рухани өзгерістер кезеңінде түркі-ислам философиясының қалыптасуы мен дамуында өзекті рөл атқарды. Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде қоғамдық-саяси құрылыстың идеал нұсқалары жөнінде, әділ қоғам және билеушінің мінез-құлық ережелері туралы көптеген прогрессивті пайымдаулар айтқан. Осыған орай мақалада «Құтты білік» шығармасының саяси-философиялық аспектілері мен Жүсіп Баласағұнның саяси көшбасшылық туралы ойлары қарастырылады. Сонымен бірге тақырыпты ашу мақсатында авторлар Жүсіп Баласағұнның саяси көшбасшылық туралы ой-пікірлерінің қалыптасуының социомәдени алғышарттарын анықтап, түркі ойшылының саяси көшбасшылық туралы ой-пікірлерін объективті көзқарас тұрғысынан талдайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПОЛИТИКА И ОБЩЕСТВО