РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ И ИСЛАМОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ

Малайзияда қалыптасқан діни жағдайға шолу

Нөмір 4 № 86 (2020), РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ И ИСЛАМОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
Нөмір 4 № 86 (2020)
2020-12-26 Қараулар саны: 403
Алдиярова Жанат
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Қайрат Затов
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Құдайберді Бағашаров
Казну им аль-Фараби e-mail: kudaiberdi1981@gmail.com

Кілт сөздер

Малайзия, дін, мемлекет, ислам, малай, конфессия, оранг асли, Бумипутра

Аңдатпа

Мақалада бүгінгі күні қарқынды дамушы ел ретінде көзге түскен Малайзия еліндегі этноконфессионалдық жағдайға шолу жасалады. Көпұлттты әрі көпконфессиялы Малайзия ішкі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауда өзіндік бай тәжірибеге ие. Атап айтқанда, Малайзия мемлекетінің өзіндік ерекшелігі, мұсылман-малайлар және “оранг асли” деп аталатын байырғы тұрғындардың тарихи тамыры, малайларға берілген “Бумипутра” мәртебесі, отарлық кездегі діни жағдай, Малайзиядағы дін мен мемлекет қатынасының ерекшелігі, мемлекеттік билік эволюциясындағы исламның атқаратын рөлі кеңінен қарастырылады. Зайырлы әрі полиэтносты, поликонфессионалды Қазақстан мемлекеті үшін Малайзияның этноконфессионалды жағдайына шолу жасаудың берері мол. Ол мемлекет пен дін институттарының қатынастарын жетілдіруге және осы қатынастарда құқықтық, демократиялық принциптердің орнығуына ықпал етеді.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Малайзияда қалыптасқан діни жағдайға шолу. (2020). Адам әлемі, 4(86), 99-103. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5849.10