ФИЛОСОФИЯ. ТРАДИЦИЯ. КУЛЬТУРА

АЛАШ ЗИЯЛЫСЫ МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ «ОЯН, ҚАЗАҚ!» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ

Нөмір 103 № 4 (2025), ФИЛОСОФИЯ. ТРАДИЦИЯ. КУЛЬТУРА
Нөмір 103 № 4 (2025)
2025-11-04 Қараулар саны: 217
Умбетхан Сарсембин
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті e-mail: sarsembin82@bk.ru
Қарлығаш Ахметова
С. Бәйшев атындағы Ақтөбе университеті

Кілт сөздер

Ұлт, мемлекет, ел, қоғам, ұлттық идея, ұлттық бірегейлік, өнер, еркіндік

Аңдатпа

Мақалада алаш зиялысы Міржақып Дулатұлының рухани мұраларындағы әлеуметтік философиялық мәселелер қарастырылған. Барлық кезде де ұлт зиялыларын ортақ практикалық мәселеге шоғырландырып отырғаны ұлттың болашағына қатысты мәселе екендігі белгілі. Барлық елдердің тарихында да солай болған. Автордың пайымдауынша, бүгінгі қоғам мен адам мәселесін зерттеуде ескеруді қажет ететін нәрсенің бірі, осы алаш зиялылары көтерген ұлт мәселесі. Олардың тәжірибесінде ұлт болашағына қатысты мәселелер, құндылықтар қалай зерделеніп, жолға қойылған болса, бүгін де сол із қазақ қоғамында жалғасуы керек. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» шығармасындағы барлық мәселелер негізгі мәселе ұлт мәселесін шешуге бағытталған. Ұлт пен тұлға барлық кезде де бір-бірімен тығыз байланысты, қоғамдағы әлеуметтік проблемалар қай кезде де ұлт мәселесінен тысқары кетпеген.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

АЛАШ ЗИЯЛЫСЫ МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ «ОЯН, ҚАЗАҚ!» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ. (2025). Адам әлемі, 103(4), 51-56. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.467