ФИЛОСОФСКИЕ ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБЩЕСТВА

ҚОҒАМДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ БАҚЫТ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛАУ, ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

Нөмір 99 № 1 (2024), ФИЛОСОФСКИЕ ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБЩЕСТВА
Нөмір 99 № 1 (2024)
2024-03-31 Қараулар саны: 445
Шолпан Джаманбалаева
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Аяжан Сағиқызы
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Шырын Тленчиева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: muratkyzy.shyryn@gmail.com

Кілт сөздер

бақыт ұғымдары, субъективті әл-ауқат, қоғамның модернизациясы және дамуы, бақытты өлшеу әдістері, Дүниежүзілік бақыт дерекқоры

Аңдатпа

Мақалада «бақыт» түсінігін тұжырымдаудың түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылады және қоғамның модернизациясы мен прогресінің мақсаттарын әл-ауқатқа бағыттау мәселесі кеңінен талқыланады. Сонымен қатар, бақыт тұжырымдамалары ұсынатын қазіргі әлеуметтік саясатқа арналған теориялық идеялар мен тәжірибелік ұсыныстарды талдауға ерекше назар аударылған. Ұлттық және шетелдік тәжірибеде бақытты талдаудың негізі бола алатын индекстік және сауалнамалық бағалау арқылы бақытты өлшеудің әдіснамалық және әдістемелік аспектілері сипатталады. Дүниежүзілік бақыт дерекқорынан алынған мәліметтерді, сондай-ақ ҚР Ұлттық статистика бюросы мен ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты жүргізген 2021-2022 жылдардағы жаппай сауалнамаларының деректерін пайдалана отырып, Қазақстан мысалында бақыт деңгейі мен әртүрлі әлеуметтік көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс көрсетілген. Қазақстандағы бақыт зерттеулерінің маңыздылығы елдің модернизациялық даму тұрғысынан негізделеді.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚОҒАМДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ БАҚЫТ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛАУ, ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ. (2024). Адам әлемі, 99(1), 33-49. https://doi.org/10.48010/aa.v99i1.512