ПОЛИТИКА И КУЛЬТУРА В ЦИФРОВОМ ОБЩЕСТВЕ

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-КОНЦЕПТУАЛДЫҚ АСПЕКТІСІ

Нөмір 101 № 3 (2024), ПОЛИТИКА И КУЛЬТУРА В ЦИФРОВОМ ОБЩЕСТВЕ
Нөмір 101 № 3 (2024)
2024-09-27 Қараулар саны: 463
Айгерім Әлішерова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: alisherovva@gmail.com
Жеңісбек Төлен
"Тұран" университеті

Кілт сөздер

саяси мәдениет
құндылықтар
тұжырымдама
теориялық аспект
әлеуметтену
талдау

Аңдатпа

Саяси мәдениет қоғамның саяси жүйесін талдауда маңызды орын алады, өйткені ол саяси өзара әрекеттесуге әсер ететін негізгі құндылықтарды, нормалар мен сенімдерді көрсетеді. Бұл зерттеу саяси мәдениеттің тұжырымдамасын оның теориялық және концептуалдық аспектілеріне сүйене отырып қарастырады. Саяси ғылымда ғалымдардың жасаған зерттеу жұмыстары негізінде ұсынылған “саяси мәдениет” теориясына түсіндірмелер беріледі. Саяси мәдениеттің қазіргі концепцияларын анықтау үшін шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалды. Саяси мәдениеттің қалыптасуы мен динамикасын терең түсіну үшін мәдени, құрылымдық-функционалдық және идеологиялық негізгі теориялық тәсілдер зерттеледі. Саяси мәдениеттің саяси жүйенің институционалдық аспектілеріне әсері, сондай-ақ оның саяси билікті заңдастырудағы және азаматтарды әлеуметтендірудегі рөлі талданады. Жұмыс барысында саяси мәдениеттің қазіргі тұжырымдамаларына концептуалдық талдау жүргізу үшін жалпы ғылыми және арнайы әдістер, сонымен қатар жүйелік-құрылымдық және ретроспективті талдау, салыстырмалы және сараптамалық жалпылау әдістері қолданылады. Саяси мәдениеттің қазіргі концепциясын жіті талдаудың үлгісі ұсынылып, сол бойынша зерттеледі. Сонымен қатар, басқаруды оңтайландыру және әлеуметтік тұрақтылық пен үйлесімділікке қол жеткізу үшін саяси мәдениетті зерттеудің маңыздылығы атап өтіледі.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-КОНЦЕПТУАЛДЫҚ АСПЕКТІСІ. (2024). Адам әлемі, 101(3), 102-112. https://doi.org/10.48010/aa.v101i3.624