ПРОБЛЕМЫ ФИЛОСОФИИ И КУЛЬТУРЫ: ТРАДИЦИЯ И СОВРЕМЕННОСТЬ

ПРОФЕССОР АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Нөмір 103 № 2 (2025), ПРОБЛЕМЫ ФИЛОСОФИИ И КУЛЬТУРЫ: ТРАДИЦИЯ И СОВРЕМЕННОСТЬ
Нөмір 103 № 2 (2025)
2025-06-30 Қараулар саны: 318
Гүлдариға Симұқанова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: simukanova@mail.ru
Алтай Тайжанов
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Кілт сөздер

Идеология, ұлттық идея, ұлттық идеология, ұлт болмысы, ұлттық сана, ұлттық мүдде, саяси сана.

Аңдатпа

Кез-келген мемлекет үшін бағдар ретінде ұстанатын идея, ал унитарлы мемлекетке – ұлттық идея қажет. Кеңес заманында Ұлы Далада өркен жайған игілікті істердің мирасқорларының бірі – Қазақ Елінің материалдық байлықтары мен рухани құндылықтары жеткілікті дәрежеде зерттелмеді. Солардың бірі ұлттың ой-түйсігін, ұмтылыс-арманын, ұстаным-межелерін білдіретін – ұлттық идея.
Жалпы алғанда әлеуметтік-философиялық әдебиеттер мен энциклопедияларда идея, идеология туралы аз жазылған жоқ. Бірақ, болашағын интернационалистік қоғамнан көрген Кеңестік дәуірде ұлттық идея, ұлттық идеология мәселесіне көңіл бөлінбеді.
Мақалада ұлттық идея тақырыбын өзінің көптеген ғылыми ізденістеріне арқау еткен профессор А.Сейдімбектің еңбектеріне талдау жасау арқылы ұлттық идеяның тарихына, негіздері мен мәніне, эволюциясына, ХХ ғасыр басындағы ұлттық идеяның басты ерекшеліктеріне, оның қазіргі ахуалына сараптама жасалады.
Сонымен қатар, А.Сейдімбектің қазақ халқының ұлттық сана-сезімі, тұрмыс-тіршілігі, діні, ділі, тілі мен мәдениетіне қатысты айтқан терең пайымдауларының мән-мағынасына, ұлттық идея мен ұлт болмысы тұрғысынан талдау жасалады.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ПРОФЕССОР АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ. (2025). Адам әлемі, 103(2), 41-48. https://doi.org/10.48010/aa.v103i2.631