ДИЗАЙН-ОЙЛАУ - ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Гүлхан Нұрадин М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсететі Array
  • Куралай Ермагамбетова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Array
  • Асия Аккулиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Array

DOI:

https://doi.org/10.48010/aa.v103i3.637

Кілт сөздер:

дизайн-ойлау,, дизайн процесс, дизайн философиясы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, әдістеме, проблема, құрылымдық модель

Аңдатпа

Қазіргі уақытта қазақстандық жас ұрпақ әлем халықтарымен бірге дамуда, бірақ олардың көреген болуы үшін әлі де жетілмеген, тиісінше қалыптаспаған тетіктер бар. Мақалада дизайн-ойлау студенттердің перспективалық шешімдер қабылдауына оң ықпал ететін әдістеме ретінде ұсынылады және оны философия мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер арқылы беру мүмкіндігі көрсетіледі. Дизайн-ойлау технологиялық зерттеулерде ұтымды қолданылғанымен, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда сирек қолданылады. Егер дизайн-ойлау жоғары оқу орындарындағы «Философия» сынды негізгі пәнінің бағдарламасына еніп, оның басымдылығын негіздейтін контенттер өссе, онда ол әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге еш кедергісіз еніп, ғылыми айналым арқылы тезірек таралуы мүмкін еді. Осы ойды негізге алған мақала авторлары дизайн-ойлаудың негізгі тұжырымдамалары мен процесін философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту үшін қалай қолданылу қажеттілігін көрсетеді. Мақаланың басты түйіні – дизайн-ойлаудың сипаттамалары мен ерекшеліктерін анықтау және оның қазақстандық студенттердің проблемаларын шешу дағдыларын дамытудағы тетіктерді талқылау.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-28

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ. ТРАДИЦИЯ. КУЛЬТУРА