СОПЫЛЫҚ МӘТІНДЕРДЕГІ ҚҰРАН АЯТТАРЫ МЕН ХАДИСТЕРДІ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ ДӘСТҮРІНІҢ ГЕРМЕНЕВТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: «БУСТАН УЛ-МУХИББИН» ТРАКТАТЫ МЫСАЛЫНДА
DOI:
https://doi.org/10.48010/xmgm4741Кілт сөздер:
сопылық, герменевтика, Құран аяттары, хадис, ишари мағына, рухани тәрбие, Ясауи, «Бустан ул-мухиббин»Аңдатпа
Мақалада XVIII-XIX ғасырлардағы түркі сопылық әдебиетінің көрнекті туындысы - Шайх Худайдад бин Таш-Мұхаммед әл-Бұхаридің «Бустан ул-мухиббин» трактаты негізінде Құран аяттары мен хадистердің сопылық интерпретациясы герменевтикалық тұрғыда талданады. Зерттеудің басты мақсаты – сопылық мәтіндердегі рухани мағынаны ашу дәстүрінің теологиялық және философиялық негіздерін айқындау. Авторлар Құран аяттары мен хадистің ишари (астарлы) түсіндірілуін сопылық герменевтиканың дербес әдісі ретінде қарастырып, оны Қожа Ахмет Ясауи, Әбу Хамид әл-Ғазали және Әбу әл-Қасым әл-Қушайри еңбектеріндегі интерпретациялық үлгілермен салыстыра талдайды. Зерттеу өзектілігі сопылық мұралардың тек діни-поэтикалық немесе әдеби құндылығы ғана емес, сонымен бірге ислам герменевтикасының өзіндік мектебі ретінде қарастырылуында.
Зерттеудің дереккөздік негізін «Бустан ул-мухиббин» трактатының үш қолжазбалық нұсқасы құрайды: екі нұсқасы Өзбекстан Ғылым академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында (№ 5455/II және № 9163), үшінші нұсқасы Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықта (№ КК-3704) сақтаулы.
Зерттеу әдіснамасы мәтінтану, сопылық герменевтика, мазмұндық-теологиялық талдау және символдық-салыстырмалы деконструкция әдістеріне негізделген. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – Құран аяттары мен хадистердің сопылық метафоралар мен ишараттар арқылы түсіндірілетін рухани-экзегетикалық үлгісін көрсетуінде. Негізгі нәтижелер ретінде «жүрек - рухани Қағба», «муршид - рухани бағыттаушы», «зікір - жүрек көзін ашушы амал» сияқты сопылық ұғымдардың жүйеленіп, олардың адам руханияты мен этикалық кемелдену іліміндегі өзара байланысы ашылды.
Зерттеу нәтижелері діни-философиялық тұрғыдан сопылық интерпретация бағытын тереңдетіп, рухани тәрбиенің мәтіндік және герменевтикалық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол түркі сопылық әдебиетін жүйелі оқыту мен діни-білім беру процесінде тәжірибелік-әдістемелік үлгі ретінде қолдануға болатынын дәлелдейді.
Нәтижесінде сопылық герменевтиканың негізгі қағидаттары - ішкі мағынаға үңілу (батин), ишарат пен символ арқылы мән ашу (ишара) және мәтінді рухани тәжірибемен байланыстыру (тәжриба) тәсілдері анықталды.
Әдебиеттер тізімі
1 Schimmel, A. (1975). Mystical dimensions of Islam. University of North Carolina Press. https://archive.org/details/mysticaldimensionsofislam2ndedition_202002
2 Nasr, S. H. (1997). Ideals and realities of Islam. George Allen & Unwin. https://traditionalhikma.com/wp-content/uploads/2015/02/Ideals-and-Realities-of-Islam.pdf
3 Sands, K. Z. (2006). Sufi commentaries on the Qur’an in classical Islam. Routledge. https://traditionalhikma.com/wp-content/uploads/2020/09/Sands-Sufi-Commentaries-on-the-Quran-in-Classical-Islam.pdf
4 Chittick, W. C. (2000). Sufism: A short introduction. Oneworld.
5 Paltore, Y. M. (2012). Abai Qunanbaiulynyń shyǵarmalarynda Quran jáne hadis mátinderiniń interpretatsiyalanuy [Interpretation of Qur’anic and Hadith Texts in the Works of Abai Qunanbaiuly] [Doctoral dissertation submitted for the degree of Doctor of Philosophy (PhD)]. Almaty. (In Kazakh).
6 Bustān ul-Muḥibbīn [Manuscript]. (n.d.). A. R. Biruni Institute of Oriental Studies, Tashkent, Uzbekistan. Main Collection No. 1, shelfmark BM-1, registration No. 5455/II.
7 Bustān ul-Muḥibbīn [Manuscript]. (n.d.). A. R. Biruni Institute of Oriental Studies, Tashkent, Uzbekistan. Main Collection No. 1, shelfmark BM-2, registration No. 9163.
8 Bustān ul-Muḥibbīn [Manuscript]. (n.d.). Aziret Sultan State Historical and Cultural Museum-Reserve, Turkistan, Kazakhstan. Registration No. KK 3704.
9 Khudaidad bin Tashmuhammad al-Bukhari. (2022). Bustān ul-Muḥibbīn (Ǵashyqtardyń baǵshasy) [The Garden of Lovers] (D. T. Kenzhetay, U. D. Zhunisbayev, B. S. Korganbekov, & Sh. D. Zhunisbayev, Eds.). South Print Corporation. (In Kazakh).
10 Al-Junayd al-Baghdadi. (1969). Risālat al-Junayd al-Baghdādī: Fi’l-tasawwuf wa maʿrifat Allāh [Epistle on Sufism and the Knowledge of God]. In Abu ʿAbd al-Rahman al-Sulami (Ed.), Tabaqat al-Sufiyya (pp. 45–47). Dar al-Kutub al-ʿArabiyya. https://archive.org/details/TabaqatAlSufiyya
11 Al-Qushayri, ʿAbd al-Karim. (1966). Al-Risāla al-Qushayriyya fi ʿIlm al-Tasawwuf [Epistle on Sufism]. Dar al-Kutub al-Misriyya. https://archive.org/details/alrisalaqushayriyya
12 Al-Ghazali, Abu Hamid. (1997). Ihyaʾ ʿUlum al-Din [The Revival of the Religious Sciences] (Vol. 1, pp. 22–27). Dar al-Maʿrifa. https://archive.org/details/IhyaUlumalDinGhazali
13 Xoja Ahmad Yassaviy, & Sulaymon Boqirg‘oniy. (2022). Hikmatlar [Wisdoms] (Sayfiddin Rafiddinov & Nodirxon Hasan, Compilers and Editors). O‘zbekiston nashriyoti. (In Uzbek)
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Зульфия Муминова, Алена Балтабаева

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.