DOI:
Кілт сөздер
толеранттылық, этносаралық қарым-қатынас, этносаралық қатынастар, медиа кеңістік, араздық тілі
Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарының этносаралық коммуникативті мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына әсерін зерттеуге бағытталған фокус-топтардың нәтижелерін егжей-тегжейлі талдау ұсынылған. Зерттеу әртүрлі этникалық топтардың өкілдері арасында сан алуан ақпараттық көздерге деген сенім деңгейін анықтауға, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын деректерді тексеру стратегияларын талдауға мүмкіндік берді. Қоғамдық пікір мен медиа контентті талдау негізінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде араздық тілін тарату мәселесі анықталды. Әлеуметтанулық зерттеулер көрсеткендей, бұқаралық ақпарат құралдары этносаралық диалогты нығайтуға да, оны тұрақсыздандыруға да ықпал ете алады. Бірінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары әртүрлі этникалық топтардың өкілдері арасында мәдени құндылықтармен, идеялармен және тәжірибелермен алмасу платформасы бола алады. Бұл мәдени әртүрлілікке тереңірек және құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары теріс стереотиптер мен алалаушылықтардың таралуына ықпал етуі мүмкін, бұл этносаралық шиеленістер мен қақтығыстардың күшеюіне әкеледі. Мақалада оң қоғамдық климатты қалыптастыруға және деструктивті дискурстардың этносаралық қатынастарға теріс әсерін азайтуға бағытталған кешенді шаралар ұсынылған. Бұл шаралар әртүрлі этникалық топтар арасындағы толеранттылық пен түсіністікті нығайтуға бағытталған институционалдық және мәдени бастамаларды қамтиды.