DOI:
Кілт сөздер
ақпараттық соғыс, ақпараттық күрес, кибер шабуыл, қоғамдық сана, психологиялық ықпал, ақпараттық қысым
Бұл мақалада «ақпараттық соғыс» феноменінің теориялық негіздері мен қазіргі халықаралық қатынастардағы практикалық қолданылуы кешенді түрде талданады. Зерттеу барысында ақпараттық соғыс ұғымына қатысты әртүрлі ғылыми анықтамалар мен тұжырымдамалар салыстырылып, оның бірыңғай теориялық моделінің қалыптаспағаны және көпқырлы, пәнаралық сипатқа ие екені анықталды. Автор ақпараттық соғыстың технологиялық, психологиялық және стратегиялық өлшемдерін бөліп көрсетіп, оның гибридтік қақтығыстар жүйесіндегі дербес әрі маңызды рөлін негіздейді. Мақалада ақпараттық соғыстың негізгі белгілері, түрлері мен жіктемелері жүйеленіп, әртүрлі ғылыми мектептердің көзқарастарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланады. Сонымен қатар саяси мәлімдемелер, медиа ықпал және кибероперациялар мысалында ақпараттық соғыстың практикадағы көріністе рі талданып, оның қоғамдық санаға, шешім қабылдау процесіне және ақпараттық инфрақұрылымға әсер ету механизмдері айқындалады. Зерттеу нәтижелері ақпараттық соғыстың қазіргі кезеңде тек әскери құрал емес, әлеуметтік, технологиялық және когнитивтік ықпал етудің қуатты тетігіне айналғанын көрсетеді. Ақпараттық соғыс жүргізілген жағдайда оның салдары ұзақ мерзімді сипатқа ие болып, қоғамның құндылық жүйесіне терең өзгерістер енгізуі мүмкін екені дәлелденеді. Осыған байланысты оны кешенді әрі пәнаралық тұрғыдан зерттеу қажеттігі негізделеді.