DOI:
Кілт сөздер
цифрлық дін, көпқырлы діни бірегейлік, гендер, цифрлық ислам, визуалды дінилік, әйелдердің діни агенттігі, әлеуметтік желілер
Мақалада цифрлық кеңістіктегі көпқырлы діни бірегейліктердің қалыптасуына, өзгеруі мен жаңғыруына гендерлік фактордың ықпалы қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі әлеуметтік желілердің, онлайн қауымдастықтар мен блогерлік платформалардың тек діни коммуникация арналары ғана емес, сонымен қатар діни субъектілікті құрастыратын дербес ортаға айналуымен айқындалады. Цифрлық орта сенімін көрсету тәсілдерін, діни бедел формаларын, тақуалықтың визуалды тәжірибелерін, сондай-ақ жеке және ашық діни өмір арасындағы шекараларды өзгертеді. Мақаланың мақсаты – гендердің цифрлық кеңістіктегі діни бірегейлікті жаңғырту тәсілдеріне қалай әсер ететінін және әлеуметтік желілерде көпқырлы діни бірегейліктің қандай формалары көрініс табатынын ашып көрсету. Зерттеу концептуалды-теориялық сипатқа ие және дінтану, дін социологиясы, цифрлық мәдениет зерттеулері, гендерлік зерттеулер және ислам феминизмі бағыттарының пәнаралық синтезіне негізделеді. Мақалада цифрлық дін, күнделікті дін, көпқырлы діни бірегейлік, визуалды діндарлық, және әйелдердің діни агенттігі сияқты категориялар талданады. Гендер діни бірегейліктің сыртқы өзгермелі пішіні емес, діни субъектінің көріну режимдерін, дене бітімі, беделі, нормативтілігі және қоғамдық мойындалуын айқындайтын негізгі механизмі ретінде қарастырылуы қажет екені негізделеді. Ғылыми зерттеуде цифрлық исламға, әйелдердің діни өзін-өзі танытуына, хиджабқа, қарапайым сәнге, блогерлік мәдениетке және діни агенттіктің жаңа формаларына ерекше назар аударылады.