ФИЛОСОФИЯ. МӘДЕНИЕТ. ҚОҒАМ

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Нөмір 28 № 2(108) (2026), ФИЛОСОФИЯ. МӘДЕНИЕТ. ҚОҒАМ
Нөмір 28 № 2(108) (2026)
2026-06-30 Қараулар саны: 0
Салтанат Тұрсынбаева
Казахский национальный университет им. Аль-Фараби e-mail: saltanka80@mail.ru
Жамиля Әмірқұлова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Зинакуль Бисембаева
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті
Аяулым Қауанова
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер

қазақ отбасы, құндылықтар жүйесі, дәстүр, ұлттық бірегейлік, мәдени жалғастық, қоғамдық гармония

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада қазақ отбасындағы дәстүрлер мен құндылық қатынастарының тұжырымдамалық негіздері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті сақтау, мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерімен тығыз байланысты. Қазақ отбасы – тек әлеуметтік институт қана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениеттің, дүниетанымның, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан отбасы ішіндегі құндылық қатынастары мен дәстүрлерді ғылыми тұрғыдан зерделеу – қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдар үшін маңызды бағыттардың бірі.
Зерттеудің мақсаты – отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін критерийлерді анықтау. Мақалада отбасылық құндылықтарды дамыту және қорғауға теріс әсер етуі мүмкін факторлар да қарастырылған. Қазақ қоғамындағы отбасының әлеуметтік және мәдени рөлі талданып, дәстүрлі нормалар мен қазіргі трансформация үдерістері ғылыми тұрғыда сипатталады. Зерттеу барысында қазақ отбасындағы дәстүрлердің бірнеше негізгі түрлері қарастыралады. Бұл дәстүрлер арқылы ұрпаққа ұлттық құндылықтар, адамгершілік нормалар, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттер сіңіріледі. Сонымен қатар мақалада қазақ отбасындағы негізгі құндылықтар жүйесі қарастырылады. Бұл құндылықтар отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын реттеп қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік үйлесімділікті қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде қызмет етеді. 
Қорытындылай келе, қазақ отбасы – ұлттық құндылықтарды сақтаудың және дамытудың негізгі ортасы. Оның дәстүрлері мен құндылық қатынастары тарихи сабақтастықты қамтамасыз етіп, қоғамның рухани негізін қалыптастырады. Сондықтан оларды сақтау, зерттеу және қазіргі заман талаптарына бейімдеу – маңызды ғылыми және әлеуметтік міндеттердің бірі. 

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. (2026). Адам әлемі, 28(2(108), 78-85. https://doi.org/10.48010/67t7wd73