ФИЛОСОФИЯ. ТРАДИЦИЯ. КУЛЬТУРА

Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы «Әділеттілік» қағидасының саяси-әлеуметтік деңгейде толғанылу ерекшеліктері

Нөмір 103 № 3 (2025), ФИЛОСОФИЯ. ТРАДИЦИЯ. КУЛЬТУРА
Нөмір 103 № 3 (2025)
2025-09-28 Қараулар саны: 196
Қуаныш Әлжан
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: kuanysuzakbaj05@gmail.com

Кілт сөздер

саяси-әлеуметтік
әділеттілік
дискурс
ізгілік
ел басқару
заң

Аңдатпа

Бұл мақалада орта ғасырдағы түркі ойшылы – Ж. Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы әділеттілік идеясы философиялық әдіснамалар тұрғысынан сараланады. Алдымен, негізгі ұғымдар мен атауларға, адам есімдеріне логикалық-семантикалық және лингвистикалық философиялық талдаулар жүргізіліп, жыр мазмұнындағы дискурстарда «Әділеттілікті» арнайы концепт және қағида ретінде қарастыру негізге алынады. Әділеттілік және ел басқару ісі туралы дискурстың келбеті мен мәні сипатталады, нәтижесінде «озық, игілікті идея құндылығы» мен оның мазмұны басты орынға шығарылғандығы туралы қорытындылар алынады. Әділеттілік категориясының саяси-әлеуметтік сипат алуы мен генетикалық этикалық категориялардың онтологиялық түрде толғанылуы көрсетіледі. Әлеуметтік әділеттіліктің орнауы үшін қоғамда әділ заң үстемдігі қажеттігі, сонымен қатар, ел басқару кезінде саяси технологияларды да оңтайлы қолданудың тиімділі туралы пікірлер логикалық тұрғыдан жүйеленеді. Шығармадағы әділеттілік идеясын талдауда қазіргі заманғы ғылыми этикалық тұжырымдамалар пайдаланылады. Әділеттілік пен ізгілік туралы эпистемологиялық көзқарастардың да кездесетіндігіне шолу жасалады. Аскеттік өмір сүру стилі мен қалыпты ғұмыр кешу дискурсы талқыланады.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы «Әділеттілік» қағидасының саяси-әлеуметтік деңгейде толғанылу ерекшеліктері. (2025). Адам әлемі, 103(3), 19-28. https://doi.org/10.48010/aa.v103i3.791