ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ТАҒАМТАНУ ҮКІМДЕРІНІҢ АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУДЕГІ ӘЛЕУЕТІ

Авторлар

  • Талғат Мудихан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Ершат Оңғар Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Бижан Илесбеков Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

DOI:

https://doi.org/10.48010/1fmxtr50

Кілт сөздер:

ислам дініндегі тағамтану үкімдері, дұрыс тамақтану, тамақтану мәдениеті, артық салмақ, семіздік, дене салмағын реттеу

Аңдатпа

Ислам рухани-адамгершілік құндылықтармен қатар, физикалық және психологиялық денсаулықты сақтауға бағытталған нақты практикалық нұсқауларды қамтитын жүйелі ілім ретінде ерекшеленеді. Құран мен сүннетте мұсылман өмір салтының негізгі қырлары – тағамтану, тазалық, дене белсенділігі, эмоциялық тұрақтылық пен сабырлылық мәселелері жан-жақты қарастырылған. Бұл қағидалар адамның жалпы денсаулығын нығайтуға, соның ішінде дене салмағын қалпында ұстауға ықпал етеді. Қазіргі таңда денсаулық сақтаудағы басты және өзекті проблемалардың бірі семіздікке шалдығу мәселесі болып отыр. Оның басты себептері аз қимылдау, дұрыс тамақтанбау. Осы орайда зерттеу барысында ислам қағидаларының артық салмақтан арылудағы рөлін анықтау және олардың практикалық қолданылу мүмкіндіктерін талдау мақсаты қойылды. Денсаулыққа әсер ететін негізгі исламдық қағидалар жүйелеу, исламда бекітілген ораза ұстанымы мен тағамтануға қатысты үкімдердің артық салмақты төмендетудегі тиімділігін ғылыми тұрғыда талдау жүргізілді. Сауалнама әдісі арқылы артық салмақпен байланысты субъективті себептерді, психологиялық ұстанымдарды, мінез-құлық паттерндерін және әлеуметтік факторларды анықтау өткізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, исламның діни қағидаларын орындау кезінде адамда ұстамдылық принципінің ішкі интериоризациясы болмаған жағдайда, оның әсері қысқа мерзімді болады. Ондай жағдайда ол тек уақытша өзін-өзі детерминациялау теориясы тұрғысынан діни ережелер сыртқы мотивация ретінде әсер етіп, тамақтану тәртібін тұрақты қадағалауға мүмкіндік беретін ішкі реттеуге айналмайды. Сонымен қатар, диеталық ұстамдылықты діни маңызды құндылық ретінде қабылдайтын респонденттер тұрақты мінез-құлық өзгерістерін көрсетті, бұл рухани тәжірибелерді дене салмағын түзету бағдарламаларына кіріктіру әлеуетін көрсетеді. Ислам қағидаларының тамақтану тәртібін өзін-өзі реттеудегі маңызды ресурстық фактор екендігі ғылыми әдебиет көздеріне талдау жасау негізінде көрсетілді. Олардың тиімділігі әр тұлғаның діни рәсімдерді формальды түрде сақтауына емес, саналы түрде ұстануы мен күнделікті өмір тәжірибесіне енгізу дәрежесіне байланысты екендігіне назар аударды. Қазіргі қоғамда кеңінен таралып келе жатқан артық салмақ сияқты дерттің алдын-алу мен оны жеңу жолында исламдағы денсаулық сақтау қағидаларын ұстану адамның тәні мен жанының үйлесімін сақтауға бағытталған қуатты күш екендігі анық.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР