ФИЛОСОФИЯ: ИСТОРИЯ И СОВРЕМЕННОСТЬ

ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ САЯСИ АЛҒЫШАРТТАРЫНА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Нөмір 100 № 2 (2024), ФИЛОСОФИЯ: ИСТОРИЯ И СОВРЕМЕННОСТЬ
Нөмір 100 № 2 (2024)
2024-06-27 Қараулар саны: 415
Гүлжихан Нұрышева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Айгүл Тайженбетова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: aigul.bizhanovna@mail.ru

Кілт сөздер

қазақ интеллигенциясы, Алаш, қалыптасу және жетілу жолы, тарихи формациялар, Тәуелсіз Қазақстан, жаңа әлеуметтік қабат, қазақ жастары, қазақ оқымыстылары.

Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен жетілу жолдары, сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси, экономикалық формациялардың қазақ даласына тигізген әсері жаңа әлеуметтік қабат – интеллигенцияның қоғамдық-саяси көзқарастарына, ұстанымдарына тигізген әсері философиялық-тарихи мәнмәтінде баяндалады. Сондай-ақ, қазақ интеллигенциясының біртұтас ұстанымын қалыптастыруға игі ықпал еткен, оның дүниетанымы мен дүниепайымының орталығына айналған Алаш қайраткерлерінің ой-толғамдары, шығармашылық ізденістері зерделеніп, оның бүгінгі ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тигізген әсері сараланды. 

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ САЯСИ АЛҒЫШАРТТАРЫНА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. (2024). Адам әлемі, 100(2), 13-20. https://doi.org/10.48010/aa.v100i2.532