ОБЩЕСТВО. КУЛЬТУРА И ЦИВИЛИЗАЦИЯ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ: ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Нөмір 94 № 4 (2022), ОБЩЕСТВО. КУЛЬТУРА И ЦИВИЛИЗАЦИЯ
Нөмір 94 № 4 (2022)
2022-12-28 Қараулар саны: 485
Бауыржан Ботакараев
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті e-mail: bauyrzhan.botakarayev@ayu.edu.kz
Фэриде Камалова
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
https://orcid.org/0000-0002-9660-0152
10.48010/2022.4/1999-5849.05

Кілт сөздер

Зайырлылық
діншілдік
қоғам
толеранттылық
ұлт мәселесі
идентификация

Аңдатпа

Тарихта М.Лютер негізін қалаған және бүгінгі күнге дейін пікірталасқа түскен тақырыптардың бірі ретінде танылған зайырлылық мәселесі, әсіресе, діннің жаһандық саясаттағы салмағы мен орнының артуы кезеңінде уақыт өте келе үлкен маңызға ие болды. Зерттеліп отырған мақалада елдің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілдігі болған зайырлылық ұғымының негізгі анықтамасы мен мағынасы, сонымен қатар әлемдік елдердің тәжірибесіндегі зайырлылықтың принциптері талқыға түсті. Зерттеушілердің бұл тақырыбы жайында отандық ғалымдармен қоса шетелдік ғылыми дәлелдемелер мен тұжырымдарға негізделген зайырлылықтың табиғатына жан-жақты талдаулар жасалды. Дәстүрлі емес діни дүниетанымды ұстанған адамдардың зайырлылыққа жасаған анықтамаларына қарсы шығып, зайырлылықтың дінсіздік болмағанына байланысты түсіндірмелер келтірілді. Зерттеудегі ең басты мақсатымыз – өткен күндердегі жіберіп алған қателіктер мен болашаққа деген үміттің негізінде зайырлылықтың мағынасын аша отырып, отандық және шетелдік ғылыми зерттеулерді талқылау, мәселелердің шешілуіне байланысты өзіндік үлес қосу болып табылады.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ: ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. (2022). Адам әлемі, 94(4), 46-53. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5849.05