Политика конфиденциальности

Авторлар туралы ақпарат (оның ішінде толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі) тек ақпараттық мақсатта ұсынылады және «Авторлар туралы» бөлімінде жарияланады.

Редакциялық алқа мүшелері қолжазба (мақала) жарияланғанға дейін ол туралы ақпаратты үшінші тарапқа (қолжазбаға пікір жазатын рецензенттерден басқа) жария етпеуге, сондай-ақ тағайындалған рецензенттердің кім екенін ашпауға міндетті. Бұл этика қағидалары ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми журналдарына арналған жариялау этикасы саясатымен айқындалады.

Мүдделер қақтығысын реттеу — жариялау этикасын сақтаудың негізгі қағидасы. Жариялау процесіне қатысатын барлық тұлғалар, соның ішінде редакциялық алқа мүшелері, рецензенттер және авторлар, кез келген ықтимал мүдделер қақтығысы туралы хабарлауға міндетті.