ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ

каз ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ МӘСЕЛЕСІ

Нөмір 94 № 4 (2022), ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ
Нөмір 94 № 4 (2022)
2022-12-28 Қараулар саны: 568
Жалғас Сандыбаев
Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті e-mail: nmu.zhalgas@gmail.com
Асқар Сабдин
Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті

Кілт сөздер

Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Хальдун, философия, кемел адам, бірінші басшы, қоғам, азаматтық саясат, мемлекет.

Аңдатпа

Мақалада әл-Фарабидің философиясындағы азаматтық мемлекет мәселесі зерделенеді. Ғалымның азаматтық мемлекет туралы пікірінің бастауы сонау Платон мен Аристотельдегі ерлік, даналық, парасаттылық сияқты идеяларға барып тірелгенімен, уақыт өте ортағасырлық шығыс философиялық ұстанымдарына негізделген өзінің саяси-құқықтық концепциясын қалыптастырды. Әл-Фарабидің негізгі азаматтық мемлекет туралы философиялық пікірлері оның көптеген трактаттарында баяндалған әсіресе, «Аро-у әһл мәдинати әл-фазиля» (Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары), «Әс-сиясату әл-мәданияту» (Азаматтық саясат), «Тахсиль ғәлә әс-сағада» (Бақытқа жету жайында) және т.б. Автор әл-Фарабидің азаматтық қоғамды басқаруға лайық тұлғаны білдіретін «бірінші басшы», «әділ басшы», «әділ имам», «кемел адам» немесе «философ» сияқты ұғымдарға арнайы көңіл бөлгенін алға артады.  Себебі әл-Фарабидің ұстанымы бойынша адамдардың ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс, өйткені ол, баршаға мәлім біліммен әсте шектеліп қалмайды.

 

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

каз ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ МӘСЕЛЕСІ. (2022). Адам әлемі, 94(4), 21-29. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5849.03