Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
- Журнал талабына сәйкес рәсімделмеген мақалалар автоматты түрде кері қайтарылады.
- Онлайн тіркеу және онлайн мақала беру.
- Мақалада: атауы, кемінде 150 сөз және 300 сөзден аспайтын аннотация, түйінді сөздер, кіріспе, әдістеме, негізгі бөлім, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса), әдебиеттер тізімі қамтылуы тиіс.
- Мақаланың жалпы көлемі рефератпен және библиографиямен бірге авторлардың қысқаша мазмұны 5000 сөзден кем болмауы керек және 7000 сөзден аспауы керек. Шрифт 12 - Times New Roman, енін туралау, аралығы – бір, шекаралары – қарапайым (абзац – 1 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, үстіңгі – 2 см, астыңғы – 2 см).
- Графиктер, суреттер, сызбалар, кестелер мақала мәтінде нөмір және атауы көрсетілуі қажет (Мысалы: 1-кесте - Кестенің атауы).
- Мақала ҒТАХР (Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы), Аңдатпа, Түйін сөздер, Негізгі бөлім, Әдебиеттер тізімі, Транслитерация, Авторлар жайлы ақпарат болуы қажет.
- Мақалалардың құрылымы келесідей болуы шарт: Кіріспе, Зерттеу әдіснамасы, Негізгі бөлімнің мазмұны ашылып көрсетілетін бөлімдер мен бөлімшелер, Қорытынды (Нәтижелер).
Мақаланы рәсімдеу ережелері
- Бірінші жолдың оң жақ тұсына ҒТАХР https://grnti.ru/ көрсетіледі (11 кегль)
- Бір жолдан кейін орта тұсына мақаланың ТАҚЫРЫБЫ үлкен әріптермен беріледі (12 кегль)
- Бір жолдан кейін бір интервал арқылы ортада қалың әріптермен автордың(лардың) аты-жөні, жұмыс орны, қаласы және елі көрсетіледі (11 кегль)
- Мақала тақырыбының астына қолжазбаның жазылған тілінде бір аралықпен Аннотация мен Түйін сөздер жазылады (11 кегль)
- Бір жолдан соң бір интервалмен екі тілде Аннотация мен түйін сөздер жазылады. Егер мақала орыс тілінде берілсе, қазақ және ағылшын тілдерінде, егер мақала қазақ тілінде берілсе, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ мақала ағылшын тілінде болса, қазақ және орыс тілдерінде беріледі аннотация мен түйін сөздер беріледі. (11 кегль)
- Бір жолдан кейін бір интервалмен Кіріспе жазылады
- Мақаланың негізгі бөлімі құрылымды болуы қажет. Бөлімдердің арасы бір интервалда беріліп, әр бөлімнің Тақырыбы болуы шарт
- Негізгі бөлімнен кейін бір интервалмен Қорытынды (Нәтижелер) беріледі
- Кейін Қаржыландыру беріледі
- Кейін бір аралықпен Әдебиеттер тізімі және Transliteration беріледі.
Әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер тізімінде кемінде 10 ғылыми дереккөз болуы тиіс. Соңғы бес жылда жарияланған ғылыми еңбектер әдебиеттер тізімінің кемінде 30%-ын құрауы қажет.
Әдебиеттер тізіміне Web of Science және Scopus халықаралық дерекқорларында индекстелетін ғылыми жарияланымдарды, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК тізбесіне енгізілген басылымдардағы еңбектерді қосу ұсынылады.
Әдебиеттер тізіміне тек мақала мәтінінде сілтеме жасалған дереккөздер ғана енгізіледі.
Әдебиеттер тізімі APA (APA Style) стиліне сәйкес рәсімделеді. Жарияланымдардың атаулары түпнұсқа тілінде беріледі. Библиографиялық жазбалар APA талаптарына сәйкес әліпбилік тәртіппен орналастырылады.
Ресми нұсқаулық: https://apastyle.apa.org/
Transliteration
Ғылыми жарияланымдардың халықаралық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әдебиеттер тізімінен кейін жеке Transliteration беріледі.
Библиографиялық жазбалар APA стиліне сәйкес рәсімделеді. Ағылшын тілінде жарияланбаған дереккөздердің атаулары латын графикасымен транслитерацияланып, одан кейін тік жақша ішінде ағылшын тіліне аудармасы беріледі.
Транслитерация жасау үшін мына ресурс пайдаланылады: http://www.translit.ru
Тізімді дайындау кезінде төмендегі талаптарды сақтау қажет:
- Қазақ тіліндегі дереккөздердің транслитерациясын мұқият тексеру қажет. Автоматты сервис қазақ тіліндегі кейбір әріптерді дұрыс бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда транслитерация қолмен түзетілуі тиіс.
- Қазақ, орыс, араб және ағылшын тілінен басқа тілдерде жарияланған дереккөздердің транслитерацияланған атауынан кейін тік жақша ішінде ағылшын тіліндегі аудармасы беріледі. Библиографиялық жазбаның соңында тік жақша ішінде дереккөздің түпнұсқа тілі көрсетіледі.
Мысал:
Bokova, T. N. (2013). Analiz osnovnyh filosofsko-pedagogicheskih koncepcij SShA v XX veke [An analysis of major philosophical and educational concepts in the United States in the twentieth century]. Izvestija Saratovskogo universiteta. Novaja serija. Filosofija. Psihologija. Pedagogika, 13(2), 110–114. [In Russian]
- Ағылшын тіліндегі жарияланымдар үшін транслитерация мен атаудың аудармасы қажет емес. Библиографиялық жазба түпнұсқа түрінде беріледі.
Авторлардың үлесі
Қолжазбаның соңында әр автордың мақаланы дайындауға қосқан үлесі туралы мәлімдеме берілуі тиіс. Авторлардың үлесі халықаралық CRediT таксономиясына сәйкес көрсетіледі. Бұл мәлімдеме екі және одан да көп авторы бар қолжазбалар үшін міндетті болып табылады.
Мысал:
А.А. Автор: зерттеу тұжырымдамасын әзірлеу, зерттеу әдіснамасын айқындау, материалдарды талдау, мақаланың бастапқы мәтінін дайындау. С.С. Автор: деректерді жинау және талдау, нәтижелерді интерпретациялау, мәтінді редакциялау. М.Т. Автор: ғылыми дереккөздерді талдау, мақаланың жекелеген бөлімдерін дайындау, мақаланың соңғы редакциясын жасау.
Мүдделер қақтығысы
Авторлар зерттеу нәтижелеріне немесе оларды түсіндіруге ықпал етуі мүмкін мүдделер қақтығысының бар-жоғын немесе жоқтығын нақты көрсетуі тиіс.
Мүдделер қақтығысы болмаған жағдайда: «Авторлар мүдделер қақтығысының жоқ екенін мәлімдейді» деп көрсетіледі.
АВТОРЛАР ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ (10 кегль)
Авторлар туралы мәліметтер үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде) ұсынылуы және төмендегі ақпаратты қамтуы тиіс:
- тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);
- атқаратын лауазымы немесе кәсібі;
- ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда);
- мекеменің немесе ұйымның толық атауы;
- елді мекеннің атауы және мемлекет;
- электрондық пошта мекенжайы (е-mail);
- ORCID идентификаторы (ORCID ID)